Қамқоршылық кеңесінің отырысы Хаттама №3 » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің отырысы Хаттама №3
15
наурыз
2019

Қамқоршылық кеңесінің отырысы Хаттама №3

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама №3

15.03.2019 ж                                                               №148 мектеп-гимназия

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы мен   мүшелері, мектеп-гимназия директоры Ф.М.Алиакбарова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айтбаева А.Б., Төлеуғали Қ.Қ.  әлеуметтік  педагог           Махмутова Г., хатшы Сагимова Г. К.

Күн тәртібінде 

  1. Қала әкімінің «Бақытты  отбасы» Алматыда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды кешенді қолдаудың қалалық бағдарламасының іске асуы туралы  (сәуір, мамыр).
  2. Әр түрлі мәселелер.


Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог сөз алды. Мектеп бойынша қала әкімінің бастамасымен құрылған «Бақытты отбасы» тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды кешенді қолдаудың қалалық бағдарламасының іске асып жатқанына тоқталды.   Мектеп бойынша бүгінгі күні әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы  отбасынан шыққан  110 бала тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасынан шыққан 16 үздік оқушы қала әкімінің көмегін (стипендия) алып жүр. Олар қамқоршылық кеңестің №2 (25.02.2019) хаттамасының қаулысында анықталған оқушылар. 

Екінші мәселе .

Қамшылық кеңес мүшелері мектепте атқарылып жатқан қоғамдық іс-шаралар және оның оқушы тәрбиесіне ықпалы туралы өз ойларын ортаға салды. Кеңес мүшелерінің ойы бір жерден шығып, мектеп жұмысына оң бағаларын берді. Болашақта қоғамдық жұмыстарға ата-аналар қауымын жиірек тарту керектігін сөз етті.

Қоғамда жасөспірімдер арасында  болып жатқан келеңсіз оқиғаларға тоқталып. Алдын алу тек мектептің жұмысы емес, ата-аналар мен психолог мамандар бірлесіп жұмыс жасау керектігі сөз болды. 



Сөз алғандар


Шоқан Мұратқан, қамқоршылық кеңес мүшесі:

Бірнеше рет ата-аналар жиналысына қатысып, бала тәрбиесі туралы сөз алдық.  Қамқоршылық кеңес мүшелері «бала тәрбиесі әр отбасынан басталады» деген ойды қолдап, келесі оқу жылында  ата-аналармен жұмыс жоспарына өзгерістер енгізуді сұраймын. 


Махмутова Г, әлеуметтік педагог:

Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлыққа алыған оқушыларға жалпыға бірдей оқуға қамту айлығында әлеуметтік көмек көрсетілді. Киім, оқу-құралдары, азық-түліктер берілді. Ата-аналар тарапынан ризашылықтарын білдірді. 


Шешім:

  1. Қала әкімінің «Бақытты  отбасы» Алматыда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды кешенді қолдаудың қалалық бағдарламасын жаалғасын тапсын.
  2. Мектеп өміріне ата-аналарды жиірек тарту қолға алынсын. 
  3. Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері мектептің қоғамдық жұмысына араласуы жандандырылсын.



           Кеңес төрағасы                                         Такибаев  Е.Б.

           Хатшысы                                                    Сагимова Г.К.









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: