ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ашылды » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қазан
2019

ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ашылды

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімі мен "Нұр Отан" партиясы Жетісу аудандық филиалының және Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Саналы Ұрпақ қоғамдық ұйымының тапсырмасына сәйкес ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ашылды.
Парасаттылық мектебінің мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау.
Парасаттылық мектебі – бұл қарқынды, әрі шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоционалды нығаюдың және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара іс-қимылдың үйлесімі.
Парасаттылық мектебіне 8-10 сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушылар:
сыбайлас жемқорлық феномені және онымен байланысты ұғымдар туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері туралы теориялық білім алады. ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ бірінші сабағында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзабаева Ыдаят Бектасқызы адалдық, парасаттылық ұғымдарына тоқталып, оқушылармен дидарласты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: