«Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі» » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі»
13
желтоқсан
2019

«Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі»

Желтоқсан көтерілісі бүкіл әлемдік үлкен өзгерістерге ұйытқы болды десек, артық айтпаймыз. Келмеске кеткен Кеңес Одағының ыдырауы, социалистік лагердің күйреуі, коммунистік идеялардың күлінің көкке ұшуы, қысқасы, бүгінгі бүкіл жаңарудың барлығы  Желтоқсан көтерілісінен бастау алғаны ақиқат. Жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Иә, бостандық, теңдік тәуелсіздік те өз бетімен келген жоқ!   Қазақ халқы өзінің ұлттық намысын, бостандығын қорғау жолында аса елеулі оқиғаларды басынан өткізді.Осылай қазақтың басы бірігіп, ұлттық сана сезіміміз оянып, тәуелсіздік туы көкке көтерілді. Мерекелік кешімізге   бүгінгі күні шежіреге айналған,Желтоқсан көтерілісіне қатысқан    «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасарлары Сабрайым Жеңісбек пен Байниязов Бақыт қатысып, оқушылардың сауалдарына жауап беріп, өздерінің өнегелі өмірлерінен сыр шертті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: