Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасынан Бас жүлде!
15
қазан
2025
«Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасынан Бас жүлде!
2025 жылғы 15 қазан күні өткен «Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасына Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Нәтижесінде, мектебіміздің жас зияткерлері ерекше білімдерімен көзге түсіп, Бас жүлдеге ие болды! Олимпиада жеңімпаздары: Қырбасова Алия – 4 «А» сынып Бекбатыр Ерасыл – 4 «Ә» сынып Жуманзазин Ералы – 4 «А» сынып Бейбітұлы Алинұр – 4 «В» сынып Арал Әліхан – 4 «Б» сынып Ахметжан Ғазали – 4 «Ж» сынып
№148 мектеп-гимназиясы оқушысының тағы бір жетістігі
19
қыркүйек
2025
№148 мектеп-гимназиясы оқушысының тағы бір жетістігі
«Махамбет оқуларынан» жеңіс! Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 9 «Б» сынып оқушысы Еркін Аяжан Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Ел құтқарар ер едім…» бағыты бойынша жүлделі II орынға ие болды. Жетекшісі – Тойбаева Ляззат Сатвалдиевна. Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен ізденісінің, ұстазының қажырлы еңбегінің жемісі. Мектебіміздің дарынды оқушысына шығармашылық табыс, жаңа белестерді бағындыруына сәттілік тілейміз!
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 4 “А” сынып оқушылары шахматтан біліктілік турнирінде жоғары нәтиже көрсетті!
03
наурыз
2025
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 4 “А” сынып оқушылары
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 4 “А” сынып оқушылары шахматтан біліктілік турнирінде жоғары нәтиже көрсетті! ♟ Атағай Айсұлтан – турнирде тамаша ойын көрсетіп, 2-орын иегері атанды! ♟ Қобей Мансур – өзінің шеберлігін дәлелдеп, 3-орын жеңіп алды! Жас шахматшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!   https://www.instagram.com/p/DGoAnEAKibI/
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының мақтанышы!
26
ақпан
2025
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының мақтанышы!
 Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының мақтанышы! “АЛАТАУ АЙБЫНЫ” II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ӨНЕРПАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ӨНЕР БАЙҚАУЫ “Аспапта ойнау” жанры бойынша I орын иегері – 8”А” сынып оқушысы Ерғали Ануар! Дарынды оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз! ​https://www.instagram.com/p/DGakRN7sVec/​​​ 
№148 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қожахмет Н. «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінде «Жас қаламгер» бағыты бойынша II дәрежелі диплом иеленді.
20
ақпан
2025
№148 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қожахмет Н. «Жарқын
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қожахмет Нұрай (жетекшісі: Кашаулиева Эльмира) «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінде «Жас қаламгер» бағыты бойынша II дәрежелі диплом иеленді. Бұл жетістік – ана тілімізге деген сүйіспеншілік пен қажырлы еңбегіміздің нәтижесі. Үлкен алғысымды ұстазым мен ата-анама арнаймын. Алда бұдан да биік белестерді бағындырамыз!  
Қостанай қаласында өткен Республикалық жасөспірімдер арасында бокс чемпионатынан мектебіміздің 8Г сынып оқушысы Хусайнов Батырхан жүлделі орнымен құттықтаймыз.
05
ақпан
2025
Қостанай қаласында өткен Республикалық жасөспірімдер арасында бокс
Қостанай қаласында өткен Республикалық жасөспірімдер арасында бокс чемпионатынан мектебіміздің 8Г сынып оқушысы Хусайнов Батырхан жүлделі орнымен құттықтаймыз. ​https://www.instagram.com/p/DFmbKB3K0g-/​​​ 
Мектеп оқушылары арасындағы “Dodgeball”республикалық жарысында №148 мектеп-гимназиясы оқушылары жарқын ойын өрнегін көрсетіп, 1-орынға ие болды!
04
ақпан
2025
Мектеп оқушылары арасындағы “Dodgeball”республикалық жарысында №148
Мектеп оқушылары арасындағы “Dodgeball”республикалық жарысында №148 мектеп-гимназиясы оқушылары жарқын ойын өрнегін көрсетіп, 1-орынға ие болды! Бұл жеңіс – білім мен спортты ұштастырған еңбектің жемісі! Оқушыларымыздың дайындығына жетекшілік еткен Еркінбеков Ғалымжан Сүйінбекұлының еңбегі зор! Жеңісті сәттеріміз көп болсын!  
№148 мектеп-гимназиясының оқушысы  Серғазы Әлинұр III халықаралық «Зейн 2024» ғылыми жоба байқауында жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды!
17
желтоқсан
2024
№148 мектеп-гимназиясының оқушысы Серғазы Әлинұр III халықаралық
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының оқушысы  Серғазы Әлинұр III халықаралық «Зейн 2024» ғылыми жоба байқауында жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды! Ғылыми жоба тақырыбы: «Қазақ және түркі фольклорындағы “бөрі” символикасы»  Жетекшісі: Кашаулиева Эльмира Кокталовна Бұл жеңіс – білім мен еңбектің жемісі! Әлинұрға келешекте де тек сәттілік пен табыс тілейміз!   
Біздің мақтанышымыз – Өтенбай Әмина!
04
желтоқсан
2024
Біздің мақтанышымыз – Өтенбай Әмина!
Біздің мақтанышымыз – Өтенбай Әмина! 🎉 30 қараша күні Тәжікстанның Худжанд қаласында көршілес елдердің достығын нығайту мақсатында өткен “Соғды Дастарханы” фестивалінде Қазақстанның намысын қорғап, өз өнерін көрсеткен 148 мектеп-гимназиямыздың 8А сынып оқушысы Әмина бізді тағы бір мәрте қуантты! 🌟 Әмина өзінің талантымен және өнерге деген сүйіспеншілігімен көрермендерді баурап алды. Осындай жауапты шараға қатысып, еліміздің абыройын асқақтатқан оқушымыздың еңбегі мен қайсарлығы біз үшін үлкен
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 22 Вперед