31
қазан
2019
"ШОЛПАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ" би тобы
№148 мектеп-гимназияның "ШОЛПАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ" би тобы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ би өнерінің "ТАНЦУЙ ВСЕЙ ДУШОЙ" атты байқауынан І ОРЫН иеленді. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстанның арнайы би мектептерінің 80нен астам би топтары додаға түскен үлкен байқауда ешкімді шаңдарына ілестірмей ең жоғарғы І ОРЫНды иеленген шәкірттерімізбен мақтанамыз! Осындай деңгейде оқушыларымызды би өнеріне баулып жүрген мектебіміздің хореографы ЕСЕНТАЕВА ШОЛПАН апайымызды құттықтаймыз, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Осы байқаудың Түркия елінде өтетін гранд финалында да сәттілік тілейміз!









