Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№148 мектеп-гимназияның "ҚҰЛАГЕР" домбырашылар оркестрі Анталия Халықаралық Қалалар қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан-Туркия мемлекеттері жас таланттарының қатысуымен өткен Ұлттық Дәстүрлі Өнер байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді
28
желтоқсан
2020
№148 мектеп-гимназияның "ҚҰЛАГЕР" домбырашылар оркестрі Анталия
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның "ҚҰЛАГЕР" домбырашылар оркестрі Анталия Халықаралық Қалалар қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан-Туркия мемлекеттері жас таланттарының қатысуымен өткен Ұлттық Дәстүрлі Өнер байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Жетпісбаева Бағлан Сержантқызы. 
№148 мектеп-гимназияның 11Б сынып оқушысы Алимбек Айым Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ХІІІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДАН жүлделі ІІІ ОРЫН иеленді
28
желтоқсан
2020
№148 мектеп-гимназияның 11Б сынып оқушысы Алимбек Айым Қазақстан
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 11Б сынып оқушысы Алимбек Айым Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ХІІІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДАН жүлделі ІІІ ОРЫН иеленді. Пән мұғалімдері Тәлен Салтанат, Мамытова Зульфия, Ниязбекова Ақмарал, Балқыбекова Рабиға. Ұстаздар мен мектеп үмітін ақтаған Айым шәкіртімізді құттықтаймыз! Мақтан етеміз! Болашақ - білімді жастардың қолында!  
"Kemel Academy" онлайн-мектебі ұйымдастырған "Қызықты Математика және Логика" атты IV Рееспубликалық онлайн-олимпиада
26
желтоқсан
2020
"Kemel Academy" онлайн-мектебі ұйымдастырған "Қызықты Математика және
"Kemel Academy" онлайн-мектебі ұйымдастырған "Қызықты Математика және Логика" атты IV Рееспубликалық онлайн-олимпиадада І орынды иеленгені үшін және ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырған І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы"қашықтық олимпиадасында ІІ орынды иеленгені үшін 7 "Б" сынып оқушысы Тлеухан Сабина марапатталады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Түсіпбаева Меруерт ханыммен мектеп оқушыларына онлайн кездесу өтті
26
желтоқсан
2020
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Түсіпбаева Меруерт
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес Бабалар аманаты - "Мәңгілік ел" тақырыбында эстетика бірлестігінің онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында хор, вокал, көркем сөз үйірме жетекшілері Тулегенова Қарлығаш, Чыкабаева Дана, Әбдімауленова Әсем Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Түсіпбаева Меруерт ханыммен мектеп оқушыларына онлайн кездесу өткізді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.
Онкүндік аясында Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Орынбеков Даурен Тұрарбекұлы "Ойлан да,тап!" атты 6 сыныптар арасында онлайн сыныптан тыс интеллектуалды сайыс өткізді
24
желтоқсан
2020
Онкүндік аясында Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Орынбеков Даурен
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес Бабалар аманаты - "Мәңгілік ел" тақырыбында эстетика бірлестігінің онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Орынбеков Даурен Тұрарбекұлы "Ойлан да,тап!" атты 6 сыныптар арасында онлайн сыныптан тыс интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс жоғары деңгейде өтті.
"МӘҢГІЛІК ЕЛІМНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ - ТӘУЕЛСІЗДІК"
14
желтоқсан
2020
"МӘҢГІЛІК ЕЛІМНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ - ТӘУЕЛСІЗДІК"
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Алматы қаласы Білім басқармасының, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына, мектептің тәрбие жоспарына сәйкес "МӘҢГІЛІК ЕЛІМНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ - ТӘУЕЛСІЗДІК" ұранымен өтіп жатқан іс-шаралар легі аясында 4-сынып оқушылары "I LOVE KAZAKHSTAN" онлайн флешмобын өткізді. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс.
"Turan School Science Project-2020" қалалық конкурсы
10
желтоқсан
2020
"Turan School Science Project-2020" қалалық конкурсы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 6Б сынып оқушылары Тукенов Дәулет пен Шаяхмет Дінмұхамед ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ұйымдастыруымен өткен, мектеп оқушылары арасындағы "Turan School Science Project-2020" қалалық конкурсының математика пәні бойынша I ДӘРЕЖЕЛІ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ атанды. Жетекшісі Базарбаева Крымызы Женисбаевна.
Ғылыми жоба - 2020
08
желтоқсан
2020
Ғылыми жоба - 2020
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның оқушылары желтоқсан айының 3-ші және 8-ші жұлдызы күндері аралығында «Дарын» қалалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысты. Конкурс алғаш рет онлайн түрде өтті. Мектебімізден 15 жұмыс, 26 оқушы өз жұмыстарын өткізген болатын. Іріктеу кезеңнен 7 жұмыс 13 оқушы қорғауға жіберілді. Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: Әдебиет секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Амангелді Мирас І -орын алды. Жетекшісі:
Алматы қаласы Жетісу ауданының Әкімі Кокобаева Гүлнар Жетісу ауданының білім саласында абыройын халықаралық, республикалық және қалалық байқауларда қорғап, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан оқушыларды алғыс хатпен марапаттады
08
желтоқсан
2020
Алматы қаласы Жетісу ауданының Әкімі Кокобаева Гүлнар Жетісу
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның білімді, өнерлі, спорт сүйер шәкірттері Нұрмағамбетова Еңлікті, Ашимбекова Сабинаны, Ерханат Еламанды, Бақатай Айқұланды, Хамза Мәдиді Алматы қаласы Жетісу ауданының Әкімі Кокобаева Гүлнар Жетісу ауданының білім саласында абыройын халықаралық, республикалық және қалалық байқауларда қорғап, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаныңыз және жаңа білім алуға ұмтылысыңыз үшін деген алғыс хатпен марапаттады.