Ата-аналар бақылауы – сапалы асхана кепілі
Мектебімізде ата-аналардан құралған бракераждық комиссия тарапынан мектеп асханасының жұмысына жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру барысында тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, бекітілген ас мәзірінің талапқа сай орындалуы, сондай-ақ оқушыларға ұсынылатын тағамдардың қауіпсіздігі жан-жақты қарастырылды. Комиссия мүшелері асхананың тазалығына, тағам дайындау үдерісінің ұйымдастырылуына оң баға беріп, оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануына барлық қажетті жағдай