Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ең ірі білім
Білім саласындағы ауқымды жаңғырудың жарқын көрінісі ретінде Алматы қаласында №224 және №221 жалпы білім беретін мектептер пайдалануға берілді. Әр мектеп 2500 оқушыға арналған заманауи үлгіде салынған. Бұл — еліміз бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асқан ең ірі білім нысандарының қатарында. Жаңа мектептер заманауи инфрақұрылыммен, кең және жарық сыныптармен, инновациялық пән кабинеттерімен, спорт залдары мен шығармашылыққа арналған арнайы бөлмелермен толық жабдықталған.