Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ең ірі білім ордалары ашылды
Білім саласындағы ауқымды жаңғырудың жарқын көрінісі ретінде Алматы қаласында №224 және №221 жалпы білім беретін мектептер пайдалануға берілді. Әр мектеп 2500 оқушыға арналған заманауи үлгіде салынған. Бұл — еліміз бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асқан ең ірі білім нысандарының қатарында.
Жаңа мектептер заманауи инфрақұрылыммен, кең және жарық сыныптармен, инновациялық пән кабинеттерімен, спорт залдары мен шығармашылыққа арналған арнайы бөлмелермен толық жабдықталған.
Бұл жобалар өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, болашақ зияткер ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Жаңа білім ордалары қала тұрғындары үшін қолжетімді, қауіпсіз әрі заманауи оқу орталығына айналып отыр.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі.
Жүз Қырық Сегізінші Мектеп (@shkola_gimnaziya_148) • Фото и видео в Instagram