Республика күніне орай мерекелік демалыс
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушылары Республика күніне арналған мерекелік көңіл-күймен күзгі демалыстың алғашқы күнін атап өтті. Балалар Алматы циркіне барып, түрлі қызықты қойылымдарды тамашалап, естен кетпес әсер алды. Мереке күні осылайша шаттық пен қуанышқа толы сәттермен басталды. Осы іс-шара балалардың мәдени өмірге қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.