25
қазан
2025
Республика күніне орай мерекелік демалыс
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушылары Республика күніне арналған мерекелік көңіл-күймен күзгі демалыстың алғашқы күнін атап өтті.
Балалар Алматы циркіне барып, түрлі қызықты қойылымдарды тамашалап, естен кетпес әсер алды. Мереке күні осылайша шаттық пен қуанышқа толы сәттермен басталды.
Осы іс-шара балалардың мәдени өмірге қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.
https://www.instagram.com/p/DQPMG_-CpfK/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DQPMG_-CpfK/?hl=ru

