Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
17
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Абилжанова Меруерт Хасенаевна «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар «Жағдайды талда» тапсырмасын орындап, буллингтің бар-жоғын анықтау, дұрыс әрекет жасау жолдарын және қате қылықтарды ажыратуды үйренді. Іс-шара балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және бір-біріне құрметпен қарауға бағытталды. https://www.instagram.com/p/DRJ7qOriuxD/?hl=ru
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
17
қараша
2025
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Теңге күніне арналған арнайы сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютамыздың пайда болу тарихымен танысып, тәуелсіз еліміз үшін теңгенің маңызы мен оның экономикалық дербестіктегі рөлін талқылады. Сонымен қатар ақша айналымы, қаржылық сауаттылық және жауапты тұтыну мәдениеті туралы маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар «Теңге – тұрақтылық пен тәуелсіздік белгісі»