Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
17
қараша
2025

15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті

15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Теңге күніне арналған арнайы сынып сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютамыздың пайда болу тарихымен танысып, тәуелсіз еліміз үшін теңгенің маңызы мен оның экономикалық дербестіктегі рөлін талқылады. Сонымен қатар ақша айналымы, қаржылық сауаттылық және жауапты тұтыну мәдениеті туралы маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар «Теңге – тұрақтылық пен тәуелсіздік белгісі» тақырыбында суреттер мен шығармашылық жұмыстар дайындап, өз көзқарастарын шығармашылық тұрғыда көрсетті.

Бұл іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті. Теңге – еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің символы екені мектеп оқушыларына терең түсіндірілді.

Ұлттық валютаны құрметтеу – ел дамуына қосылған үлес!

https://www.instagram.com/p/DRCnfraioqo/?hl=ru

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: