Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы
«Шебер мұғалім – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың кілті» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған онкүндік барысында қалалық семинар өтті. Іс-шараға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар шеңберінде Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Жошыбаева Мархабат 1-сынып оқушыларымен «Әә дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шараның