Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы өткізілді
26
қараша
2025

Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы өткізілді

«Шебер мұғалім – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың кілті» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған онкүндік барысында қалалық семинар өтті. Іс-шараға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар шеңберінде Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Жошыбаева Мархабат 1-сынып оқушыларымен «Әә дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

Іс-шараның жалғасы мәжіліс залында өтті. Онда Жошыбаева Мархабат өз әдістемелік тәжірибесімен бөлісіп, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тиімді тәсілдер мен жұмыс әдістерін таныстырды.

Қалалық семинар бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дамуына және тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/p/DReoWGrihp_/?hl=ru​​​


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: