«Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 01.12.2025 – 11.12.2025 аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты онкүндігі ұйымдастырылуда. Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың тарихи танымын кеңейту; Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде тиімді қолдану; Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Онкүндік барысында пәндік сайыстар, көрмелер, викториналар, ашық сабақтар және жобалық жұмыстар өткізіледі.