Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бітіруші түлек – ортақ назарда: маңызды мәселелер көтерілді
28
сәуір
2026
Бітіруші түлек – ортақ назарда: маңызды мәселелер көтерілді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, құқық қорғау органдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері, мектеп психологы және мектеп инспекторы қатысып, бітіруші сынып оқушыларының қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында төмендегі маңызды мәселелер түсіндірілді: 🔹 Мектепішілік №201 бұйрық негізінде ақша жинауға және дастархан ұйымдастыруға
Білім бәйгесінде дара шыққан жас дарындар
27
сәуір
2026
Білім бәйгесінде дара шыққан жас дарындар
Жетісу ауданы бойынша өткізілген «Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиадасында №148 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Білім бәсекесінде өздерінің зеректігі мен алғырлығын дәлелдеген жас дарын иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – оқушылардың тынымсыз еңбегінің, сапалы білімнің, сондай-ақ ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен қолдауының нәтижесі.  Оқушыларымыз олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алып, жаңа белестерді
Soft Skills – болашақ құзыреттілігінің негізі: педагогикалық тандем тәжірибесі
27
сәуір
2026
Soft Skills – болашақ құзыреттілігінің негізі: педагогикалық тандем
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар мен тәлімгерлердің кәсіби тәжірибе алмасуын жетілдіру мақсатында «Бастауыш сынып оқушыларына арналған Soft Skills: қалай және не үшін дамыту керек?» тақырыбында педагогикалық тандем өткізілді. Аталған іс-шараға №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, тәлімгер – Нургожина Ляйля Каскановна және жас маман, тәлімалушы – Қалқанбай Аяулым Ардаққызы
Қыз балалар денсаулығы – қоғамның болашағы: маңызды кездесуден тағылымды ақпарат
27
сәуір
2026
Қыз балалар денсаулығы – қоғамның болашағы: маңызды кездесуден
№148 мектеп-гимназиясында 8–9 сынып қыз оқушыларына арналған маңызды ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Гинекология және акушерия факультетінің резидент-дәрігерлері қатысып, оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында қыз балалар денсаулығы, жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Оқушылар мамандарға өздерін
Таза орта – ортақ іс: мектеп ұжымының сенбілігі
25
сәуір
2026
Таза орта – ортақ іс: мектеп ұжымының сенбілігі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының ұжымы жалпы республикалық сенбілікке белсенді түрде атсалысты. Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері бірлесе еңбек етіп, мектеп аумағын тазалау және көгалдандыру жұмыстарына қатысты. Әрбір ұжым мүшесі ортақ іске жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлесін қосты. Сенбілік – ұжымдық бірліктің, ынтымақ пен ортақ мақсатқа деген адалдықтың жарқын көрінісі болды. Мұндай игі бастамалар табиғатқа деген қамқорлықты арттырып, экологиялық мәдениетті
Бір күн, бір кино, мың әсер: 6 “Г” сыныбының сапары
24
сәуір
2026
Бір күн, бір кино, мың әсер: 6 “Г” сыныбының сапары
№148 мектеп-гимназиясының 6 “Г” сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге кинотеатрға барып, мазмұнды әрі көңілді демалыс ұйымдастырды. Оқушылар қызықты фильм тамашалап, әсерлі сәттерге толы уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мұндай мәдени іс-шаралар балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, достық пен ұйымшылдықты арттыруға ықпал етеді. Біліммен қатар, тәрбиелік мәні зор осындай шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына және бос уақытты тиімді
Абай әлемі – рухани кемелдікке бастар жол: кітаппен үндескен онкүндік түйіні
24
сәуір
2026
Абай әлемі – рухани кемелдікке бастар жол: кітаппен үндескен онкүндік
Онкүндік аясындағы 10-шы күн «Кітап әлеміне шақырады» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық ойларды талдап, оның адамгершілік, білім және тәрбие туралы тағылымды нақыл сөздерінің маңызын жан-жақты түсіндірді. Ұлы ақын мұрасының қазіргі қоғамдағы рухани құндылығы ерекше атап өтілді. Танымдық кездесу оқушылардың кітапқа
Кітап әлеміне саяхат – рухани алмасу сәті
24
сәуір
2026
Кітап әлеміне саяхат – рухани алмасу сәті
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік іс-шара аясында 8-күні 6 «Г» сынып оқушыларымен «Кітап әлемінде» тақырыбында кітап алмасу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау болды. Шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарымен алмасып, шығармалар туралы пікір бөлісті. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен оның тұлғалық
Гаджет пен рухани даму: заманауи көзқарас
23
сәуір
2026
Гаджет пен рухани даму: заманауи көзқарас
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» бағыты аясында «Гаджет пен рухани даму» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында гаджеттердің пайдасы мен зиянын саралай отырып, рухани құндылықтардың маңызын насихаттау, саналы ой қалыптастыру және дұрыс цифрлық мәдениетті дамыту. Пікірталас барысында білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, заманауи технологиялардың жасөспірімдердің тәрбиесіне, кітап оқуға,
«Ақбота-2025» олимпиадасындағы жарқын жеңіс
22
сәуір
2026
«Ақбота-2025» олимпиадасындағы жарқын жеңіс
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Турлыбеков Шыңғыс Жақанбаевичтің жетекшілігімен шәкірттер «Ақбота-2025» зияткерлік олимпиадасында жүлделі І және ІІ орындарға ие болды. Аталған жетістік – оқушылардың табандылығы мен білімге деген ұмтылысының, сондай-ақ ұстаздың кәсіби шеберлігінің айқын нәтижесі. Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекші ұстазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне