"Қарты бар үй - қазыналы үй" » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қазан
2020

"Қарты бар үй - қазыналы үй"

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде, мектептің тәрбие жоспарына сәйкес қазан айында Қарттар айлығы өтіп жатыр. Айлықтың жоспарына сәйкес 9Д сыныптарының оқушыларымен "Қарты бар үй - қазыналы үй" тақырыбында ақсақал Тоқи Хиял атамен онлайн сұхбат сабағын өткізді. Хиял атамен әуезді әңгіме болды, атамыз өз өсиітін айтып, оқушыларға ақ батасын берді.
Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын Халықаралық қарттар күні аталып өтуде. Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілікті қорғап, сақтап қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономиканың дамуына зор үлестерін қосты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: