Білімнің жолы - ең үздік жол! » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
тамыз
2021

Білімнің жолы - ең үздік жол!

2020-2021 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімін әр түлек тағатсыздана күткені анық. «Үкілеген үмітім ақталса екен» деген тілек әрбір ата-ана мен ұстаздың көңілінде тұрғаны сөзсіз.
Биылғы оқу жылында Алматы қаласы Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясының 110 түлегінің 71-і грант иегері атанды. Грант иегерлерінің тізімінен өзін тауып, тілегі орындалған түлек те, үміті ақталған ата-ана да, әріп танытып, сауатын ашып, қанатын қатайтқан ұстаздар да шын жүректен қуанып, төбелері көкке жетіп жатты. Ұстаз үшін өз шәкіртінің жетістігін көруден асқан бақыт жоқ шығар, сірә! Әлемде болып жатқан жағдайға байланысты, карантиндік шектеу талаптарына сай қашықтықтан оқып шыққан түлектер он бір жыл бойы алған өз білімдерін дәлелдеп, грант иегерлері атанып жатыр. Барша грант иегері болған шәкірттерімізді жаңа өмірге басқан қадамдарымен құттықтап, талаптарыңа нұр жаусын деп тілейміз! Еліміздің ертеңін ойлайтын, білікті де білімді маман, өз орнын тапқан тұлға болып қалыптасуларыңа тілекшіміз!!!  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: