17
наурыз
2023
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда «Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне» орай 8-9 сынып оқушыларын Жетісу аудандық №12 өрт сөндіру бөліміне барып, экскурсия барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби жұмыстарымен танысты
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда «Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне» орай 8-9 сынып оқушыларын Жетісу аудандық №12 өрт сөндіру бөліміне барып, экскурсия барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби жұмыстары туралы қызықты әңігемелерге қанық болды. Қысқа мерзім ішінде биік қабатты ғимараттарға шығу, тілсіз жаумен алысу айла-тәсілдері, өрт сөндіру және құтқару техникалары мен құрал-жабдықтары, үйінділер астындағы зардап шегушіні алып шығу, күрделі орындарға кіру тәсілдері оқушыларды тәнті етті. Барлық құтқару техникаларын тамашалаған балалар, өз кезегінде түрлі сипаттағы құтқару жабдықтары мен қорғау дулығаларын қызығушылықпен киіп көрді.