Конституция – елдің басты құжаты
Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл. Осы айтулы дата аясында №148 мектеп-гимназиясында «Менің өмірімдегі Конституция» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Ата Заңымыз туралы тереңірек түсінік беріп, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікке баулу болды.
Шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісті. Конституцияның қоғамдағы маңызы мен мемлекет тұрақтылығындағы рөлі кеңінен талқыланды.
Оқушылар келесі ой-тұжырымдарды ерекше атап өтті:
Конституция – халық бірлігінің кепілі
Конституция – әділет пен теңдіктің негізі
Конституция – жарқын болашақтың темірқазығы
Ата Заңымызды құрметтеу, сақтау және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
#АтаЗаң30жыл #КонституцияКүні #МеніңӨмірімдегіКонституция #148мектеп
https://www.instagram.com/p/DOU7f4wiprL/?hl=ru