Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылықтың негізі
Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мереке аясында мектебімізде «Менің өмірімдегі Конституция» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға еліміздің Ата Заңы туралы терең мағлұмат беру, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясымен танысып, ондағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде пікір бөлісті. Конституцияның қоғамдағы, мемлекет өміріндегі рөлі мен маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Мекеме ұжымы мен оқушылар:
Конституция – халық бірлігінің кепілі,
Конституция – әділет пен теңдіктің негізі,
Конституция – жарқын болашақтың темірқазығы екендігін ерекше атап өтті.
Ата Заң – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың сенімді тірегі. Оны құрметтеу, сақтау және қорғау – баршаға ортақ парыз.
https://www.instagram.com/p/DOU7ZJtCic3/?hl=ru