Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы – таза қала» атты тәрбие сағаты өтті
05
қыркүйек
2025

«Алматы – таза қала» атты тәрбие сағаты өтті

№148 мектеп-гимназиясында «Алматы – таза қала» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қаламызға деген жауапкершілік сезімін дамыту.

Сабақ барысында оқушылар табиғатты аялау, қаланы таза ұстау жолдары туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі тапсырмалар орындады. Экологиялық тәрбиеге арналған бейнематериалдар көрсетіліп, талқылау жұмыстары жүргізілді.

Тәрбие сағатында келесі ұстанымдар ерекше назарға алынды:

  • Тазалық – денсаулық кепілі

  • Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың борышы

  • Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру – басты міндет

Іс-шара оқушылардың экологиялық ой-өрісін кеңейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Бәріміз бірге таза әрі жайлы Алматыны қалыптастыруға үлес қосайық!

#АлматыТазаҚала #Экология #ТәрбиеСағаты #148мектеп

https://www.instagram.com/p/DOU-X1_ipwO/?hl=ru

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: