Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қыркүйек
2025

Жол қауіпсіздігі – басты міндет

№148 мектеп-гимназиясында «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысында оқушыларға:

  • Жол ережелерін сақтау маңыздылығы

  • Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік қағидалары

  • Жол белгілерінің мағынасы мен рөлі
    түсіндірілді.

Оқушылар тақырыпқа байланысты бейнематериалдар қарап, сұрақтарға жауап беріп, жолда жүру мәдениеті туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Тәрбие сағаты оқушылардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, күнделікті өмірде абай болудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Әрбір оқушы жолда сақтық танытып, ережені қатаң ұстануы – өз өмірінің ғана емес, қоғам қауіпсіздігінің де кепілі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: