Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті
12
қыркүйек
2025

«Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті

«Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясы

Қазақстандағы Отбасы күні мерекесіне орай №148 мектеп-гимназиясында оқушылар мен ата-аналар қатысқан «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» атты эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оқушылар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуын арттыру.

Жарыс аясында түрлі спорттық және ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушы отбасылар өзара ұйымшылдықтарын, шеберліктерін және ауызбіршіліктерін көрсетті. Сайыс барысында балалар мен ата-аналар бірлесе әрекет етіп, сенімділік пен қолдаудың жарқын үлгісін танытты.

Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мектеп әкімшілігі тарапынан дипломдармен, кубоктармен, медальдармен марапатталып, оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шаралар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпақтың бойында өзара құрмет, бірлік және ынтымақтастықтың маңызын сіңіруге ықпал етеді.


Жүз Қырық Сегізінші Мектеп (@shkola_gimnaziya_148) • Фото и видео в Instagram 

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: