23
қыркүйек
2025
«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында оқушылар қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына терең бойлап, оның рухани мұрасынан тағылымды ой түйді. Оқушылар ұлы ақынның қарасөздерін мәнерлеп оқып, философиялық тереңдігін тебіреніспен жеткізді.
Әдеби кештің мазмұнын толықтыра түскен көркем элементтердің бірі – «Тор Жорға» күйінің орындалуы болды. Бұл ұлттық өнерге деген құрметті арттырып, оқушыларды дәстүрлі музыкамен жақын таныстырды.
Шара Абай шығармашылығын кеңінен насихаттауға, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын оятуға және рухани-мәдени дүниетанымын дамытуға бағытталды.
https://www.instagram.com/p/DPFVMTDCnme/

