«Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты тағылымды іс-шара өтті
2025 жылдың 1 қазан күні №148 мектеп-гимназиясында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларды үлкендерді құрметтеуге, ұрпақтар сабақтастығын бағалауға тәрбиелеу, қарттардың өмір жолына, еңбегіне құрметпен қарауға баулу.
Іс-шара барысында оқушылар қонақтарға арналған ән-шашуларын арнап, би билеп, әсерлі көріністер қойды. Ардагер ұстаздар мен зейнеткер қарттар шақырылып, олармен жылы жүздесу ұйымдастырылды. Қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақ баталарын берді.
Мектеп ұжымы мен оқушылар қауымы қарияларға сый-сияпат жасап, алғыс сезімдерін білдірді. Іс-шара шынайы құрмет пен мейірімге толы көңіл күймен өтті.
Осындай кездесулер оқушылардың рухани дамуына, ұлттық тәрбиенің қалыптасуына оң әсер етеді.
https://www.instagram.com/p/DPTCxY0CpJy/

