Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімді мыңды жығады» зияткерлік сайысы өтті
08
қазан
2025

«Білімді мыңды жығады» зияткерлік сайысы өтті

Мектеп кітапханасында 5-сынып оқушылары арасында «Білімді мыңды жығады» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараны 6 “Ғ” сынып жетекшісі Нұрсұлтанова А. және 5 “Д” сынып жетекшісі Сагипова Г. К. бірлесіп өткізді.

Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында оқушылар:

  • Түрлі пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді;

  • Топпен жұмыс жасап, бір-бірімен пікір алмасты;

  • Жылдам ойлау, тапқырлық және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Зияткерлік сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды. Іс-шара соңында қатысушылар мадақтама мен алғыс сөздерге ие болды.

Осындай танымдық шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына және білімге деген ынтасының артуына ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DPtLvsEigzN/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: