Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлы әлемде қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
06
қазан
2025

«Цифрлы әлемде қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді

Қауіпсіз интернет пен ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9 "Б" сынып оқушыларымен «Цифрлы әлемде қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында оқушылар:

  • Интернеттегі жеке деректерді қорғау жолдарын;

  • Әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет ету ережелерін;

  • Кибербуллинг, фишинг, жалған ақпарат тарату сынды заманауи қауіптер туралы мағлұматтарды талқылады.

Іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, ғаламтор кеңістігінде қауіпсіздік сақтау ережелерін ескеруге бағытталды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, нақты жағдайлар бойынша пікір алмасты.

Мұндай тәрбиелік шаралар жасөспірімдердің ақпараттық ортада қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

https://www.instagram.com/p/DPd0nckCj3k/?img_index=1



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: