«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігі аясында информатика пәнінен олимпиада өтті
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндері онкүндігі аясында 10-сынып оқушылары арасында информатика пәнінен олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, бағдарламалау және есеп шығару дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ дарынды, ізденімпаз оқушыларды анықтау.
Олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі орындар иегерлері:
1 орын – 10 «Б» сынып оқушысы Жамхан Назжан
2 орын – 10 «А» сынып оқушысы Тұрсынбай Аңсар
3 орын – 10 «Ә» сынып оқушылары Тілекқызы Ақнұр және Жақсымбек Еркебұлан
Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз мол болып, білім мен ізденіс жолындағы табыстарыңыз арта берсін!
Олимпиаданы ұйымдастырғандар:
Сүлейменова Ш., Жалмағамбет Г., Рысбаева А. – информатика пәні мұғалімдері.
https://www.instagram.com/p/DP6MbOWjPe4/?hl=ru
