Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Екілік ақпаратты ұсыну тақырыбында ашық сабақ өтті
14
қазан
2025

Екілік ақпаратты ұсыну тақырыбында ашық сабақ өтті

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндері онкүндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевна 5 «Б» сыныбымен «Екілік ақпаратты ұсыну» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – оқушылардың екілік санау жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру, ондық және екілік сандарды өзара түрлендіру дағдыларын дамыту, ақпаратты кодтау және декодтау үдерістерінің негізгі принциптерін тәжірибелік түрде меңгерту.

Сабақ барысында оқушылар ақпаратты екілік түрде ұсынуды үйреніп, ондық және екілік санау жүйелерінде есептер шығарып, ақпаратты шифрлау және кодтау бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, жұптық, топтық және компьютерлік жұмыстар арқылы бірлесіп әрекет ету, өзара ынтымақтастық пен жауапкершілік дағдыларын дамытты.

Сабақ ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, цифрлық сауаттылық сияқты негізгі құндылықтарға негізделіп, оқушылардың ақпаратты өңдеу мен ұсыну процестерін күнделікті өмірмен байланыстыра білу қабілеттерін жетілдіруге бағытталды.

Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

https://www.instagram.com/p/DQe3vUkil0m/?hl=ru

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: