22
қазан
2025
Республика күніне арналған сурет көрмесі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың шығармашылық еңбектері мен өнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрмеге әр сыныптан оқушылар өз туындыларын ұсынды. Онда Қазақстанның тарихы мен табиғаты, елдің мәдениеті мен дәстүрі көркем бейнеленген жұмыстар қойылды. Қатысушылар мен қонақтар көрмені көріп, оқушылардың өнеріне жоғары баға берді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты эстетикалық талғамға, ұлттық мәдениетке құрметке тәрбиелеуге және патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған.
https://www.instagram.com/p/DQMEVX0ClbP/?hl=ru