Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
желтоқсан
2025

«Өнерлі ұстаз – 2025»

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2025» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Байқау барысында педагогтар кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, пәнге деген сүйіспеншілігін, сондай-ақ инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудағы ізденісін көрсетті. Өнер мен педагогиканы үйлестіре білген ұстаздар эстетикалық тәрбиенің маңызын ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

🏆 Байқау жеңімпаздары:

🥇 1-орын
Акылбекова Шолпан Дүйсембайқызы – №177 мектеп-гимназия

🥈 2-орын
Әлімтаева Айзада Тұрарқызы – №2 жалпы білім беретін мектеп
Қарекен Гүлнафиз Талғатқызы – №137 жалпы білім беретін мектеп

🥉 3-орын
Сұлтанова Дана Жұмаханқызы – №103 мектеп-гимназия

Жеңімпаздар Жетісу ауданының намысын қорғап, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Бұл – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен шығармашылық талпынысының жемісі.

🎨🎼 Құрметті ұстаздар!
Өнер арқылы жас ұрпаққа шабыт беріп, сұлулықты сезінуге үйретіп жүрген еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Шығармашылық табыс, жаңа белестер және жарқын жетістіктер тілейміз!


https://www.instagram.com/p/DR2Q49PCoft/?hl=ru​​​





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: