Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығымыз
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сыныбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» 🇰🇿 тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің азаттық жолындағы күресі, тәуелсіз ел болудың мәні мен маңызы туралы мағлұмат алды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызына ерекше назар аударылып, 1991 жылғы 16 желтоқсанның Қазақстан тарихындағы айрықша күн екені атап өтілді.
Сабақ аясында оқушылар «Тәуелсіздік біз үшін нені білдіреді?» тақырыбында өз ой-пікірлерімен бөлісіп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Бұл іс-шара оқушылардың патриоттық сезімдерін арттырып, туған елге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етті.
Еркін ел болу – халқымыз үшін ең қастерлі құндылық!
https://www.instagram.com/p/DSVfovmiujI/?hl=ru





