22
желтоқсан
2025
Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар мектебімізде жоғары деңгейде өткізіледі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық іс-шаралар кестеге сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілуде. Мерекелік бағдарламалар барысында оқушылар өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі қойылымдар көрсетті.
Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткізілген ойын-сауықтар мен дискотека балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.
Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Жаңа жыл мерекесінің қуанышы мен үмітін сезінуге мүмкіндік берді.
Барша оқушыларымызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Оларға зор денсаулық, мол бақыт және жаңа жетістіктер тілейміз.
https://www.instagram.com/p/DSt-PUuirHF/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DSqDP9WilMV/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DSt-PUuirHF/?hl=ru


