24
қазан
2025
Оқушылар еңбегі мен шығармашылығын дәріптеген «Күзгі жәрмеңке»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен дәстүрлі «Күзгі жәрмеңке» өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ табиғат сыйын құрметтеу мен маусымдық өнімдердің пайдасын түсіндіру болды.
Жәрмеңке барысында оқушылар мен ата-аналар өз қолдарымен дайындалған өнімдерін ұсынды. Күзгі жемістер мен көкөністерден жасалған тағамдар, тәттілер мен қолданбалы бұйымдар жәрмеңкенің көркін арттырды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың шығармашылығы мен белсенділігін көрсетті. Мұндай дәстүрлі іс-шаралар оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, еңбекке баулуға және сынып ұжымдарының бірлігін нығайтуға бағытталған.
https://www.instagram.com/p/DQHV1emikRc/?hl=ruhttps://www.instagram.com/p/DQHV386Cp44/?hl=ru