Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-сынып оқушылары Роальд Дальдың “Matilda” кітабы бойынша сайыста бақ сынады
23
қаңтар
2026

8-сынып оқушылары Роальд Дальдың “Matilda” кітабы бойынша сайыста бақ сынады

“Literature is the key to learning English – AI is the guide” атты ағылшын тілі пәні апталығы аясында 2026 жылғы 23 қаңтар күні 8-сынып оқушылары арасында “Matilda’s Extraordinary Book Quest” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - танымал ағылшын жазушысы Роальд Дальдың «Matilda» шығармасы арқылы оқушылардың көркем әдеби кітаптарға деген қызығушылығын арттыру және ағылшын тіліндегі оқу, сөйлеу дағдыларын дамыту болды.

Іс-шара барысында үш командаға бөлінген оқушылар жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен әзірленген сұрақтарға жауап беріп, түрлі оқу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар оқушылар диалог құрастырып, кітап желісі бойынша өз қойылымдарын ағылшын тілінде сахналады.

Оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуі олардың тек оқу дағдыларының ғана емес, сонымен қатар сөйлеу қабілеттерінің де айтарлықтай дамып келе жатқанын көрсетті.

Аталған сыныптан тыс іс-шараны ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Мустафаева Гульмира, Кайракбаева Ардақ және Курманбаева Динара ұйымдастырды. Іс-шара мазмұнды әрі тартымды өтіп, өз мақсатына толықтай жетті.

https://www.instagram.com/p/DUDzvitCgSQ/?hl=ru





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: