4 «Д» сыныбында ағылшын тілі сабағында заманауи әдістер қолданылды
4 «Д» сыныбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кыдырбекова Ляззат өткізді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Kinder Egg әдісі қолданылып, оқушылардың зейіні жаңа тақырыпқа аударылды. Үй тапсырмасы Wordwall платформасы арқылы тексерілді.
Жаңа сабақта жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жаңа сөздермен таныстырылып, мәтінмен жұмыс жүргізілді. Оқушылар Imperative (бұйрық рай) грамматикалық тақырыбын пайдалана отырып, «Сірне асы» тағамын дайындау тапсырмасын орындады. Сонымен қатар There is / There are, some / any құрылымдарын қолдану арқылы салқындатқыштағы тағамдардың бар-жоғын анықтады.
Сабақтың практикалық бөлімінде оқушылар екі топқа бөлініп, пицца тағамын дайындап, өткен грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, оны сипаттады. Сабақ оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, топта жұмыс жасауына және ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Ашық сабақ заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануымен ерекшеленіп, өз мақсатына толықтай жетті.
https://www.instagram.com/p/DT-rLB3ik5S/?hl=ru



