Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету: ата-аналармен кездесу
05
ақпан
2026

Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету: ата-аналармен кездесу

Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, учаскелік инспектор және пән мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында бір сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас, психологиялық ахуал және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері жан-жақты қаралды. Ерекше назар буллингтің алдын алу және оны болдырмау жолдарына аударылды.

Педагог-психолог пен учаскелік инспектор ата-аналарға құқықтық және тәрбиелік мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан ұсыныстар айтылып, олар назарға алынып, қабылданды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту маңыздылығы атап өтілді.

https://www.instagram.com/p/DUY0zzOCgxc/?hl=ru








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: