Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік түсіндіру жұмыстары
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған заттарды (кастет, патрон және басқа оқ-дәрілер) алып келудің қауіптілігі мен заң алдындағы жауапкершілігі бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға мектеп инспекторы Сальменов Рауан қатысып, оқушыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндірді. Инспектор тыйым салынған заттарды мектепке алып келу немесе сақтау әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.
Сабақ барысында оқушылар:
Қандай заттар тыйым салынған болып саналатынын;
Оларды пайдаланудың немесе таратудың құқықтық салдарын;
Қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын үйренді.
Сонымен қатар, оқушылармен ашық сұхбат жүргізіліп, нақты жағдайлар мысалға келтірілді. Бұл іс-шара мектептегі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды жұмыс болып табылады.
https://www.instagram.com/p/DRtx47OiiCP/?hl=ru