06
ақпан
2026
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушылары арасында «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өткізілді. Бұл кезеңде оқушылар тек математика пәні бойынша білімдерін сынады. Олимпиадаға 10 оқушы қатысты.
Қатысушылардың нәтижелері жақын арада жарияланады, ал аудандық кезеңге қатысатын оқушылардың тізімі нәтижелер анықталған соң белгілі болады.
Алдағы аудандық кезеңде оқушылар білімдерін келесі пәндер бойынша тексеретін болады:
Математика
Жаратылыстану
Оқу сауаттылығы
Аталған олимпиада барлық оқушыларға өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік беріп, шығармашылық пен логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/shkola_gimnaziya_148/?hl=ru








