Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын түлек» байқауының мектепішілік кезеңі өтті
17
қазан
2025

«Алтын түлек» байқауының мектепішілік кезеңі өтті

Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» байқауының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Бұл кезеңде қатысушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынап көрді.

Байқау математика пәні бойынша өткізіліп, оқушыларға әртүрлі деңгейдегі есептер мен логикалық тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар білімдерін көрсете отырып, бәсекелестік ортада ой еркіндігін және тапқырлығын танытты.

Іс-шараның басты мақсаты — түлектердің білімге деген ынтасын арттыру, жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) және өмірлік сынақтарға сапалы дайындау болып табылады.


https://www.instagram.com/p/DP8Rpk_ipX3/?hl=ru

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: