Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы дала серілері – Ақан сері» тақырыбында ашық музыка сабағы өтті
19
ақпан
2026

«Ұлы дала серілері – Ақан сері» тақырыбында ашық музыка сабағы өтті

Мектебімізде Ұлы дала мәдениеті мен өнерін дәріптеу мақсатында 3-сынып оқушыларымен «Ұлы дала серілері – Ақан сері» тақырыбында ашық музыка сабағы өткізілді.

Сабақ барысында білім алушылар қазақтың көрнекті әнші-композиторы, сал-серілік дәстүрдің жарқын өкілі Ақан сері шығармашылығымен танысып, ұлттық музыка өнерінің ерекшеліктері мен рухани құндылықтары туралы мағлұмат алды. Оқушылар халық әндерінің мазмұны мен көркемдік сипатын талдап, қазақ музыка мәдениетінің тарихи маңызын зерделеді.

Ашық сабақты музыка пәнінің мұғалімі Сураншиева Асем Орысбаевна жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған заманауи әрі тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақ үдерісінде оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы өнерге деген қызығушылықтары мен қабілеттерін көрсетті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бағыты. Осындай мазмұнды әрі тағылымды ашық сабақтар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. 

https://www.instagram.com/p/DU7h9XMCq22/?hl=ru











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: