Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған биология сабағы
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты онкүндігі аясында Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясы биология пәні мұғалімі Балкыбекова Рабиға 8«А» сыныбында «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға бұлшық ет ұлпаларының құрылымдық ерекшеліктері мен атқаратын қызметін ғылыми негізде түсіндіру, теориялық білімді тәжірибелік тапсырмалармен ұштастыру арқылы танымдық белсенділігін арттыру болды.
Сабақ барысында заманауи әрі тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы тақырыпты жан-жақты талдап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізе білді. Сонымен қатар, білім мазмұнын тереңдету және көрнекілікті арттыру мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылып, интерактивті тапсырмалар мен талдау жұмыстары жүргізілді.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.





