20
ақпан
2026
«Жақсылық – жүректен басталады»
№148 мектеп-гимназиясы ұжымында мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Шын жүректен» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Аталған игі шараға 4 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі Гүлнар Абраимованың жетекшілігімен белсенді түрде қатысты. Оқушылар өз еріктерімен түрлі тәттілер мен қажетті заттарды арнайы жәшікке салып, қайырымдылықтың шынайы мәнін терең түсіне білді. Бұл акция балалардың бойында адамгершілік, қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Мектебімізде ұйымдастырылған мұндай шаралар өскелең ұрпақты ізгілікке баулып, қоғамға жанашыр азамат болып қалыптасуына негіз болады. Қайырымдылық – жүректен басталатын асыл қасиет екендігін оқушылар өз істерімен дәлелдей білді.
#ШынЖүректен #Қайырымдылық #ЖақсылықЖасайық #148мектепгимназиясыТолығырақ ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://www.instagram.com/shkola_gimnaziya_148/reel/DVA9s5vinkD/?hl=ru








