01
наурыз
2026
1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – жүректегі шынайы ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Бұл күн – үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіріп, айналамыздағы жандарға алғыс айтып, мейірім мен қамқорлықтың қадірін сезінетін тағылымды күн.
Алғыс айту – адамгершіліктің, сыйластық пен татулықтың көрінісі. Осы мереке әрбірімізге өмір жолымызда қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген жандарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымыз бен жақындарымызға ризашылығымызды білдіруге тағы бір мүмкіндік береді.
Осы мереке аясында 5 «А» сыныбының сынып жетекшісі Әбдікерім Дана Әлімбекқызы оқушыларымен бірге ризашылық пен алғыс білдірудің маңыздылығын насихаттап, тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырды.
Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларына білім мен тәрбие жолында бірлесе еңбек етіп, мектеп өмірінің дамуына үлес қосып жүргендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен ынтымақтастықтарыңыз – ортақ жетістіктеріміздің негізі.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Елімізде бірлік пен татулық нығайып, әр шаңыраққа жақсылық, береке мен ризашылық орнай берсін.
https://www.instagram.com/p/DVfpsoMiuZY/?hl=ru