06
наурыз
2026
Ұстаздарға құрмет: 11-сынып оқушылары ұйымдастырған мерекелік қарсы алу
Таңертең мектеп табалдырығын аттаған ұстаздарды оқушылар ерекше ықыласпен қарсы алды. Мектеп дәлізі қызыл жолақпен безендіріліп, фойеде құттықтау ашықхаттары мен түрлі-түсті шарлармен сәнделген мерекелік атмосфера орнады.
Сонымен қатар арнайы баннер орнатылып, аю кейіпкерлерінің костюмін киген оқушылар әуен ырғағымен билеп, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шағын флешмоб мектеп ұжымына таңертеңнен бастап ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың белгісін көрсетті.
Осындай игі бастама арқылы 11-сынып оқушылары мектеп мұғалімдеріне жылы лебіздерін білдіріп, барша ұстаздарға қуаныш пен шаттық сыйлады.