30
наурыз
2026
Кәсіби жетістік: Президент атынан Алғыс хат табысталды
Мектебіміздің директоры Касымова Камшат Темирбековна Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға белсенді қатысқаны үшін жоғары деңгейдегі марапатқа ие болды.Еліміздің жаңа Конституциясы жобасын сапалы әзірлеуге, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жетістік – басшымыздың кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымының айқын дәлелі. Осындай табыс – бүкіл мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш!
Касымова Камшат Темирбековнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз елене берсін, алар асуларыңыз көп болсын!

