Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президент Тоқаевтың Жолдауы – жаңа даму кезеңінің негізі
08
қыркүйек
2025

Президент Тоқаевтың Жолдауы – жаңа даму кезеңінің негізі

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Бұл жолдаудың тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» деп аталды. 

Президенттің Жолдауында еліміздің дамуының негізгі бағыттары мен мақсаттары айқындалды. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөліне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы экономиканы цифрландыру, білім беру жүйесін жаңғырту, денсаулық сақтау саласын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, экологиялық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздік мәселелері де Жолдауда өз орнын тапты. Президенттің Жолдауын республикалық телеарналар мен Ақорда ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көруге болады. Толық мәтінмен танысу үшін Қазақстан Республикасының ресми порталынан оқуға болады.

Бұл Жолдау еліміздің болашақ даму стратегиясын айқындайтын маңызды құжат болып табылады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: