27
наурыз
2026
№4 педагогикалық кеңес: мектеп пен ата-ана серіктестігі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №4 педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңестің тақырыбы: «Мектеп пен ата-ана – табысты тұлға дамуының серіктестері».
Күн тәртібінде 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсан қорытындысы қарастырылып, білім сапасына талдау жүргізілді. Сонымен қатар, тоқсандық нәтижелер салыстырылып, оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуы және оқу үлгерімін арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Практикалық бөлімде отбасылық құндылықтарды мектеппен үйлестіру, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ инклюзивті ортада өзара әрекеттесуді жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Кеңес барысында ұстаздар марапатталып, 50 және 60 жас мерейтой иелері салтанатты түрде құттықталды.
Іс-шара аясында өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, педагогтар тәжірибе алмасып, алдағы оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары айқындалды.
Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DWuM6DcCirm/?hl=ru